Мамлют ауданында алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісі әшкере болды. Дүкен иесі – әйел адам сыра мен коньякты лицензиясыз саудалап келген.
Заңсыз әрекетті учаскелік инспектор “Қауіпсіз аула” акциясы барысында анықтады. Дүкеннен 37 литр ішімдік тәркіленіп алынды. Аталған іске қатысты ҚР ӘК 463-бабы бойынша материал жиналып, сотқа жіберілді. Мамлют ауданында жыл басынан бері – 280 литрге жуық, ал облыс бойынша 2 мың 700 литрге тарта спирттік өнім тәркіленген. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 83 адам жауапкершілікке тартылды.
Гульден Симбаева