Қоғам

Сенбілікке 12 мыңға тарта адам қатысты

Таңғы сағат 10-нан сенбілік Ауғанстан жерінде қаза тапқан жерлестеріміздің ескерткіші маңында да жүргізілуде. Маңайдағы күл-қоқысты ардагерлер кеңесінің мүшелері, яғни, аға буын өкілдері жинауда. Көпшілік арасында тырнауыш ұстап Мұхаррам Шәкімов те жүр. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы мұндай игі шарадан еш уақытта қалыс қалған емес.

МҰХАРРАМ ШӘКІМОВ, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бүгін субботникке шығып жатырмыз. Ардагерлер бәріміз бұрынғыша ойнап-күлік сенбілікте жүрміз. Бізге бұл қызық. Жұмыс істейміз. Жолдастарымызбен кездесеміз. Қаланы таза ұстауымыз керек. Қаламыз гүлдене берсін. Петропавл – әсем қала.

Аға буын өкілдеріне халық қалаулары қолғабыс етіп жүр. Ескерткіш маңын жақында ғана сайланған қалалық мәслихаттық депутаттары да тазалауда. Елена Семидоцких “Қаламызды абаттандыруға әр адам үлес қосуы қажет”,- дейді.

ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, қалалық мәслихаттың депутаты:

– Біріншіден, бұл – келешек ұрпаққа, жастарға үлгі. Қаламызды сіз бен біз таза ұстауымыз керек. Оның гүлденуіне кез келген петропавлдық осындай сенбіліктерге қатысу арқылы ат салыса алады.

Биылғы жылдың алғашқы жалпықалалық сенбілігіне 65-ке жуық мемлекеттік ұйым қатысуда. Тазалық акциясына қала тұрғындары мен кәсіпорын өкілдері де өз үлестерін қосты.

ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

– Жалпы, сенбілік таңғы 10-да басталды. Аяқталысымен коммуналдық қызметтер шығып, осы жиналған қоқыстың барлығын артып әкетеді. Бұл жұмысқа 15 камаз бен 7 жүк тиегіш жұмылдырылған.

Жалпы, сенбі күні өткен тазалық акциясына 12 мыңға тарта адам қатысқан. Көпшілік 330 мың текше метр қоқыс жинаған екен.

 

Алдияр Айтпаев