Назарбаев Зияткерлік мектебінде хакатон сайысы өтті. Көпшілікке енді танылып келе жатқан бәсекенің өзіндік ережесі бар. Мұнда қатысушылар тәулік ішінде ІТ жоба әзірлеуі тиіс. Облыс орталығындағы білгірлер додасында 80-ге тарта жас немесе 20-ға жуық команда бақ сынады. Әр ұжым сапында дизайн, талдау, маркетология және IT саласына жақын ұл-қыздар болды.
ӘДІЛЕТ ИСМАҒҰЛОВ, химия-биология бағытындағы НЗМ информатика пәнінің мұғалімі:
– Бұл хакатон туралы оқушылар жақсы ілтипат білдіріп жатыр. Сондықтан, осы сайысты алдағы оқу жылында, яғни, жыл сайын ұйымдастырғымыз келеді. Бірінші және екінші хакатон мектепшілік деңгейде өтті. Келесісін қалалық деңгейде өткіземіз.
Аснурия Абдула