Облыс орталығында Жеңіс күніне дайындық жұмыстары бастау алды. Ең алдымен ескерткіштер қалыпқа келтіріліп жатыр. «Мәңгілік алаудың» жөндеу көрмегеніне біраз болған. Мамандар ескерткіштің ескіріп қалған бояуын қырып тастап, өңін жаңалап жатыр. Әуелі сылақ жұмыстары жүргізіледі, сосын кепкен соң қызыл түспен боялады.
ВЛАДИМИР БАЦАНОВ, мердігер кәсіпорын директорының орынбасары:
– Жөндеу жұмыстарын сәуірдің алғашқы жұлдызында бастадық. 10-15 күнде аяқтаймыз. Іске 4 адам тартылған. Олар таңғы 9-дан кешкі уақытқа дейін жұмыс істейді. Қаражат қалалық бюджеттен бөлінді.
– Қаламыз жылдан-жылға көркейіп келе жатыр. Ескерткіштер де назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе, «Мәңгілік алау» ескерткіші.
– «Мәңгілік алау» ескерткішін күтіп ұстау – біз үшін парыз. Бейбіт өмір үшін жаумен арпалысқан жандарға мәңгілік құрмет көрсетуіміз керек.
САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Жеңіс күніне дайындық Жеңіс саябағында да басталып кетті. Қазір мұнда кіреберіс тұс, Даңқ аллеясы мен орындықтар қалыпқа келтірілуде. Көп ұзамай аумақ алыстан көз тартпақ.
Жеңіс саябағындағы шаруа ауқымдырақ. Мұнда да осы мердігер
жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмысшылар Даңқ аллеясында жазылып тұрған жауынгерлердің аты-жөнін алтын түстес бояумен әрлеп жатыр. Жарық шамдар мен орындықтар боялуда.
Самал Жунусова