80 теңге үшін шыққан жанжал. Облыс орталығында қоғамдық көлікте бұзақылық фактісі тіркелді. Оқиға сенбі күні кешкі 19:30 шамасында 5 “М” бағытындағы автобуста тіркелді. Өз аялдамасын өткізіп алған жолаушы жол ақысын төлеуден бас тартып, көліктің ортаңғы есігінен шықпақ болған. Ер адамның бұл әрекетіне машина тізгініндегі адам қарсылық танытады. Бұзақы жүргізушіні желкеден алып, алқымынан қысқан. Кейін қашып кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде кеше 67 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұл әрекеті үшін тәртіп бұзушы 2 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін немесе 2 жылға бас бостандығы шектеледі не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы ықтимал.
Алдияр Айтпаев