Сергеев су қоймасынан кеше судың үлкен көлемі өткен. Қазіргі таңда ернеуінен асқан тіршілік көзі біртіндеп азаюда. Ал Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында керісінше норма жоғарылауда. Есіл ауданы Покровка ауылы маңында су деңгейі 139 см-ге көтерілген.
ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:
– Судың үлкен көлемі осы аптаның соңында Петропавлға келеді деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган күштері Қызылжар және облыс орталығы маңында жұмыс істеуде. Мамандар тіршілік көзін сәтті қабылдап, ары қарай Ресейге өткізуге қамдануда.
Ол үшін қазіргі таңда құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері арнайы үйінділерді нығайтып, инертті материал салынған қапшықтар әзірлеуде. Жалпы, бұл кезең саяжай қауымдастықтары үшін аса қауіпті. Себебі, Есіл өзені көтеріліп, арнасынан асқан кезде үйлерге су кіре бастайды.
ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:
– Қазіргі таңда құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жыл бойы саяжайлардағы үйде тұратын тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жерлестеріміз басқа жерді паналаулары қажет. Ал тұрғын жай ішіндегі заттарды биік жерге көтеріп қою керек. Осы ретте айта кетейін, 2017-дегі жағдай қайталанбайды. Су тек кейбір жерді ғана басады деп күтілуде.
Аудандарда еріген қар суына қатысты жағдай тұрақты. Келер қауіп жоқ. Айыртау және Ғ.Мүсірепов ауданында жол бойында ағып жатқан судың көлемі де 1-1,5 метрге төмендеген.
Алдияр Айтпаев