Мәдениет

“Томирис” сән театрының жетістіктері

Петропавлдағы “Томирис” сән театрының құрылғанына 20 жылға жуық уақыт өтіпті. 4 жастан 17 жасқа дейінгі қыздарды қамтыған бұл театр өз өнерімен көрермендерін таң қалдырудан жалыққан емес. Жақында ұжым бірден екі байқауда танымал болды. Алматыда өткен “Ару Айналайын” республикалық фестивалінде жас сәнгерлер гран-при жеңіп алса, Мәскеуде атақты суретші-сәнгер Вячеслав Зайцев қазылық еткен конкурста 1-ші орынға ие болды.

НАТАЛЬЯ КОЗЛОВСКАЯ, “Томирис” сән театрының жетекшісі:

– Біздің “Томирис” сән театры ұлттық сән байқауларына жыл сайын қатысып отырады. Үйірме баланың шығармашылық қабілетін дамытуға септеседі. Байқауға Ресейден, Беларусьтен және Қазақстаннан 93 сән театры қатысты, 200-ден астам коллекция ұсынылды. Қазақстаннан бірнеше нұсқа апардық.

Айта кету керек, театрда қыздар киім үлгілерін жетекшілерінің нұсқауымен өздері әзірлейді. Тігін тігуден бөлек, хореография, актерлік сабақтар да ұйымдастырылады.

– Байқауға қолөнер жұмыстарын дайындаймыз.
– Желіммен түрлі қағаздан бас киім жасадық.
– Мен байқауларға жиі қатысамын. Осы жолы марапат алғанымызға қуаныштымын.

“Томирис” – Мәскеуде Қазақстан атынан өнер көрсеткен жалғыз сән театры. Ұжым Ресей астанасындағы байқауға 12 жыл бойы барып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр екен.