Жыл басынан бері өңірде 114 өрт оқиғасы болған. Салдарынан 10 адам көз жұмыпты. Ал ыс тиген тұрғындардың саны 30-ға жақындайды. Өкінішке қарай, мұнда да шығын бар. Журналистермен жүздесуінде Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин соңғы дерекпен бөлісті.
((ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
ауд: 004, 02:16 Күні кеше ғана Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоселовка ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Елді мекендегі үйлердің бірінен 3 бірдей адамның денесі табылды. Сондай-ақ, 1 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұлардың барлығы – сол баспананың тұрғындары. Алдын ала болжам бойынша үй ішіне пештен улы газ тараған. Міне, осының салдарынан өкінішті жағдай орын алып отыр. Жерлестерімізді мұқият болуға шақырамыз!))
Облыс аумағында сәуірдің 5-і күні өрт қаупі жоғары кезең де бастау алды. Қазіргі уақытта аса абай болу қажет. Алайда, мұны көбі ескере бермейді. Салдарынан сан соғып қалып жатады. Өкінішке қарай, биыл мұндай факті тіркеліп те үлгерді. Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылында күйдірілген қоқыстан от тарап, шаруашылық мақсаттағы нысан өртеніпті.
ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Осыған байланысты бірінші кезеңде саяжайларына асығып отырған адамдарды сабырға шақырам. Жазғы үйлеріңіздің маңын жинап, қоқысты бір жерге үйесіздер. Оны жағудың қажеті жоқ. Өрт – тілсіз жау. Оданда қалдықтарды арнайы орындарға жеткізген жөн. Тағы табиғат аясында кәуап пісіруді жаны сүйетіндерге айтарым бар. Мұқият болыңыздар! Былтыр өңірімізде 30-дан аса орман өрті тіркелді.
Брифингіде азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратов та сөз алды. Ол енді еріп жатқан өзен-көлдердегі қауіптің алдын алу бойынша баяндама жасады.
МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
– Мұзының қалыңдығы 10 сантиметрден төмен су айдындарында жүруге болмайды. Қазіргі таңда адам өзен-көлдерге ашық түстегі құтқару күртешелерімен келуі тиіс. Бұл, әсіресе, балықшыларға қатысты. Ішімдік мүлде ішпеген абзал. Сосын айдынның қай жерінде болатыныңызды жақындарыңызға айту қажет.
Өкінішке қарай, жыл басынан бері еліміздің мұз айдындарында 7 оқыс оқиға тіркеліпті. 1 жағдай баланың қатысуымен орын алған.
Байболат Култанов