Мына қаз-қатар тізіліп тұрған жігіттер бүгін жолға шығады. Жастар Отан алдындағы борышын өтеу үшін Қонав қаласына аттанады.
Бұл – әскерге шақырушылардың 1-ші легі. 40 бозбаладан 25-і іріктеліп алынған. 25-і де Қонаевтағы десанттық шабуылдау әскерлерінің бригадасына барып қосылады. Болат Алпысбаев – Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университеттің 2-ші курс студенті. Әскерге бару үшін оқуынан бір жылдық үзіліс алған.
БОЛАТ АЛПЫСБАЕВ, әскерге шақырылушы:
– Әскерге өзім келдім. Оқудан академ алдым. Жігіттерді әскерге шақырамын. Себебі, ол – Отан алдындағы парыз. Соны абырой-міндетпен атқару керек. Медециналық сраптамадан өте алмаймын деген ой болған жоқ. Шығарып салуға әке-шешем келді.
Болашақ сарбаздарды шығарып салуға туған-туыстары, ата-анасы мен достары жиылды. Жігіттер бүгін кешке жол жүреді.
ҚАЗЫБЕК СЕЙДАХМЕТ, ҚР ҚМ 26363 бөлімі командирінің орынбасары, Қонаев қаласы:
– Сарбаздарға Қонаев қаласында жас сарбаздар жиынын өткізіп, ату, жүгіру, спорттық нормативтерді көрсетеміз. Олармен жұмыс жасаймыз. Осы 25 сарбаздан ҚР қорғаныштары – азаматтарын тәрбиелейміз. 1 жылдың ішінде практика, теория жағынан радиациялық, химиялық қорғау әдістерін үйретеміз.
Облыста наурыздың 1-інен көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Өңірден әскер қатарына 500-ден астам сарбаз қабылданады.
Гульден Симбаева