Қоғам

СҚО-да құрылыс материалдары арзандаған

Қазақстанның үш облысында құрылыс материалдары арзандаған.
Қостанай мен Алматыда көрсеткіш жарты пайызға жуықтайды. Ал Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдарының құны 0,7 пайызға төмендепті. Өзге өңірлерде қымбаттау байқалады. LS агенттігінің хабарлауынша, өткен жылдың наурызынан бастап бүгінге дейін республика бойынша материал бағасының жоғарылауы 1,2% құраған.
Бәрінен бұрын құрылысқа қажет және ескерткіш тастар, әктас – 30,6, мұнай өнімдерінің бағасы 27,7%-ға көтеріліпті. Сондай-ақ, қиыршық тас, құм, бетон өнімдері мен керамикалық плиталар 5 пен 10 пайыз аралығында қымбаттаған. Есесіне кейбір материалдар арзандапты. Шыны парақ бағасының төмендеуі 12 пайызға жуықтайды, бояу мен лак, темір және шойын дүниелер кемі 2 пайызға арзандаған.