Экология

Шөп қалдығын жағу жұмыстары

Қазір өңірде былтырғыдан қалған құрғақ шөпті күйдіру жұмыстары жүріп жатыр. Көп жағдайда жол бойындағы қалдық жағылады. Бұл істі орман шаруашылығының мамандары атқарады. Барлығы – жіті бақылауда. Осындай шара орман өрттерінің алдын алуға септеседі.

АЙДАР ИБРАЕВ, Боголюбов орманшылығының шебері, Қызылжар ауданы:

– Өртке қарсы осындай шаралар жыл сайын өтеді. Ағаштар жанып кетпеу үшін жасалады. Жолдағы көліктер тоқтап, темекінің тұқылын немесе сіріңке тастап кетіп жатады. Осы 87-ші квартал 67-ші выделдің жанында ағаштарымыз орналасқан. Өз учаскемізде шара атқарамыз. Көліктер тоқтап, темекінің тұқылын тастап кетіп жатқан жағдайлар болып тұрады. Біз уақытында сөндіріп отыруға тырысамыз. Осы шара сәуірдің 5-і басталды, енді 1-2 күнде бітіреміз. Шамамен 3-4 шақырым қалды.

 

Самал Жунусова