Құрғап тұрған шөп пен қамысқа от түссе алапат өрт болуы мүмкін.
Бұның алдын алу мақсатында облыс орталығында өткен жылдан қалған қамыс пен шөпті шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған іс Ойқала ықшам ауданында қолға алынған. Шаруаға 20-ға жуық адам тартылды. Мұнда қамыс жеке секторға жақын орналасқан. Тазалау жұмысы қала бойынша 250 гектар аумақта жүргізіледі. Осы орайда Жұмысшы, Былғары зауыты кенттері мен саяжайлар да қамтылады.
ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАС, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
– Сондай-ақ, кенеттен пайда болған өрттің әрі қарай жайылмауын қамтамасыз ету мақсатында жерді жырту жұмысын бастау қарастырылуда. Бұл жұмыс осыған дейін өрт болған жерлерде, қамыс көп шоғырланған аймақтарда жүргізіледі.
Аснурия Абдула