Қазақстан аумағында 130-дан астам түрлі ұлт өкілі достық, татулық пен келісімде өмір сүруде. Ұлтаралық қатынастарды нығайтуда 29 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейтін Қазақстан халқы ассамблеясының да алар орны ерекше. Мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, кәсіпкерлер мен меценаттар. Олардың барлығы солтүстік өңірдің ғана емес, жалпы еліміздің экономикасын нығайтуға үлес қосып келеді. «Өскелең ұрпақ осындай тұлғаларды үлгі тұтуы керек»,- деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Ассамблея – бұрын ешбір елде болмаған ұйым. Енді оның тиімділігін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады бүгінгі күні. Бұл құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып саналады. Өңірде этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауға, келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге үлкен алғыс, рахметімді білдіремін.
Қазақстан халқы ассамблеясының басты мақсаты – елдегі рухани құндылықтар негізінде жаплыұлттық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету. Былтыр этномәдени бірлестіктердің бастамасымен солтүстікқазақстандықтардың этносаралық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған 600-ден астам түрлі іс-шара өткізілген.
ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, СҚО ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары:
– Облыста 47 аналар кеңесі жұмыс істейді. 2022 жылы 2,5 мыңнан астам адамды қамтыған 67 іс-шара ұйымдастырылды. Биыл кеңес құрамын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚХА-ның ең маңызды құрылымдық бөлімшесі – медиация кабинеті. 2022 жылы Петропавлда мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестік өкілдері, департамент қызметкерлері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысқан «Этносаяси менеджмент негіздері» атты облыстық семинар өтті. Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-да Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы да жақсы жұмыс істеп жатыр. Кафедраның ең маңызды жобаларының бірі – «Халықтану». Аталмыш жоба аясында өңір аумағында тұратын Солтүстік Қазақстан аумағында тұратын этностардың тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы ақпараттық-танымдық дәрістер ұйымдастырылды. Бірқатар өзекті мәселелерді талқылаған соң, өңір жетекшісі облыстық еврей мәдени орталығының төрағасы Рашбил Евдаевты Қазақстан халқы ассамблеясының президенттік төсбелгісімен марапаттады. «Жомарт жан» төсбелгісі – қайырымдылықпен айналысып, қоғамға еңбегі сіңген азаматтарға табысталатын награда.
Гульден Симбаева