ҚоғамҚұқық қорғау органдары

“Қауіпсіз аула” акциясы

Сәуірдің 1-і мен 5-і аралығында облыста «Қауіпсіз аула» акциясы өтті. Оған 2 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Учаскелік, патрульдік, ювеналды полиция қызметкерлері мен күзет қызметінің мамандары үй-үйді аралап, қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Барлығы – 15 мыңнан астам үйді аралап, 18 мыңнан аса кездесу өткізді. Велосипед ұрлығына ерекше екпін берілді.

ТИМУР БИМАҚОВ, қалалық ПБ ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Жаз мезгілі келген кезде велосипед, самокат ұрлықтары көбейеді. Осындай ұрлықтардың алдын-алу мақсатында тұрғындармен арнайы кездесу жүргізілді.

«Қауіпсіз аула» акциясы аясында тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша да ауқымды жұмыс жүргізді. Алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдерін түсіндірді. Келеңсіз жайттарға тап болмас үшін қарапайым сақтық ережелерін ұстану қажет.

 

Аснурия Абдула