Құқық қорғау органдары

Жұмысшы кентінде бір қап қару-жарақ табылды

Өңір полицейлері қауіпті қазына тапты. Тәртіп сақшылары Жұмысшы кентінде бір қап қару-жарақ тәркіледі. Табылған дүниелердің кімге тиесілі екені белгісіз. Қазіргі таңда аңшылық шолақ мылтық, “Байкал” маркалы тапанша мен белгісіз маркалы револьвер, 200-ден астам оқ-дәрімен басқа да заттар сараптамаға жіберілді. Олардың жарамдылығы мен қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріледі. Сондай-ақ, қару мен оқ-дәріні заңсыз пайдаланған тұлғаны анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, суық қаруды заңсыз сақтаған тұлғалар 5 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалайды немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Алдияр Айтпаев