Университеттер ынтымақтастығының арқасында жергілікті жоғары оқу орнының студенттері үшін зор мүмкіндіктер ашылуда. Аризона университеті әлемдегі үздік жүздіктің қатарына кіреді. Бүгінгі таңда екі оқу орнының өзара тығыз жұмысы жалғасуда. Алға қойылған жоспарлар жетерлік. Оларды іске асыру үшін туындаған мәселелерді пысықтау қажет. Аризона Университеті вице-президентінің орынбасары Дэниел Палмның айтуынша, студенттердің ағылшын тілін үйренуі – аса маңызды мәселенің бірі. Осы ретте бұл жұмысты ерекше назарға алған жөн.
ДЭНИЕЛ ПАЛМ, Аризона Университеті вице-президентінің орынбасары:
– Біздің міндетіміз – мұнда өзін әлемдік деңгейде көрсете алатын тамаша университет құру. Біз сіздердің қолдауларыңызды өте бағалаймыз. Студенттердің ағылшын тілін жақсы меңгеруін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жоспарда 100-ден астам шетелдік оқытушыларды шақыру бар. Дәлірек айтсақ, 140 ұстазды тартайын деп отырмыз. Тек Аризонадан ғана емес, басқа жақтан да ең жақсы оқытушылар болады.
Университке оқуға түсуге ниет білдіргендер саны көп көрінеді. Тек жатақхана тапшылығының мәселесі шешілуі тиіс. Қазір жұмыстар іске асырылуда. 1 қыркүйекке дейін өңірде 244 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. 1200 адамға шақталған тағы бір нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
ХЬЮ ХОЛЛМАН, аймақтық өкіл:
– Біз осы күзде 500 студентті қабылдауды жоспарлап отырмыз, бірақ 1000 студентті де қабылдай аламыз. Мәселе тек жатақханалардың болуында. Бұл сапарда біздің делегацияда бүкіл Қазақстан бойынша сапарда жүр. Олар студенттерді тартумен айналысуда. Студенттер оқуға келгісі келеді. Тек жатақханаларда орындардың болуы мәселесіне алаңдатуда. Бұдан бөлек, студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, «тәжірибелік фермаларды» іске қосуға болады.
Қазір студенттер өсімдік пен мал шаруашылығын тереңірек зерттеу үшін оқу орнында белгіленген істі жүзеге асыру мүмкіндігі пысықталуда. Жатақхана мәселесіне келетін болсақ, облыс әкімі Айдарбек Сапаров нысандардың құрылысы бойынша жұмыс мұқият бақылауда екенін жеткізді.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Барлық проблемалық сұрақтарды шешеміз. Өзімізде жатақхананы тезірек салу үшін қолымыздан келгенше жұмыс атқарудамыз. Мұғалімдер үшін де тұрғын үй мәселесін қалай шешу керектігін ойластырып жатырмыз.
Қазір жатақханалар құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Аймақ басшысы бұл жұмысты мүмкіндігінше тез іске асыру керек екенін айтты.
Гульден Симбаева