Қоғам

Қайырымдылық акциясы

Полиция қызметкерлері “Жеңіс” жобасы аясында еріктілердің қайырымдылық акциясына қатысты. Назарда – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері. Жыл сайын олардың саны азайып барады. Бүгінде еріктілер қарайласып жүрген жандардың тізімінде 50-ге жуық солтүстікқазақстандық бар. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны 95 жастағы майдангер Иван Клименко. Қария жалғыз тұрады. 90-нан асса да әлі тың. Иван Трофимовичке еріктілер жиі барып тұрады. Осы жолы олар тәртіп сақшыларымен бірге азық-түлік алып келді. Ең бастысы, ардагер – өскелең ұрпақтың әрдайым назарында.

Евгений Соловьёв, қоғам белсендісі:

– Ардагерлер, тыл еңбеккерлері күннен-күнге азайып барады. Біздің міндетіміз – оларды назардан тыс қалдырмау, ерліктерін ұмытпау, құрмет-қамқорлық көрсету.