2-ЖЭО-да жаңа түтін мұржасының іргетасы салынуда. Мердігер компания құрылыс аймағынан инженерлік коммуникацияларды басқа жаққа ауыстырып, дренаж жүйесін орнатып, іргетасқа арналған шұңқыр қазды, деп хабарлайды “Севказэнерго” АҚ баспасөз қызметі. Алынған топырақтың көлемі 4500 м3 құрайды. Келесі кезең – іргетастың арматуралық жақтауын орнату. Жобаға сәйкес жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болады. Іске жергілікті “Строй центр Арсенал” серіктестігі жауапты. Мамандар фундамент құю жұмысын мамырдың 31-іне дейін аяқтауы керек. Ал маусымның 1-інен “Қазтеплоспецстрой” компаниясы жаңа түтін құбырының құрылысын бастайды. 2023 жылы темірбетон бөшкесін толығымен құру жоспарлануда, ал №1 түтін құбырын іске қосу 2024 жылдың жазына жоспарланған.
Самал Жунусова