Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүгінгі қонақтары – қалалық және ауылдық мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары. Апталықтың тақырыбы “Туған күніңмен, кітап” деп аталады.
Александра Пюро – кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі. 2 жыл бойы кітапты үзбей оқып келеді. Кітапқа ден қоюдың нәтижесінде оқу жылдымдағым артты дейді.
АЛЕКСАНДРА ПЮРО, №7 орта мектебінің оқушысы:
– Мен қиял-ғажайыпқа толы ертегі оқығанды жақсы көремін. Бұған дейін “Алиса – ғажайыптар елінде”, “Лили тілектерді ойлап табады” оқыдым. Қазір “Черничка мысығы” кітабын оқып жатырмын. Кітап оқу жылдамдығын арттырады.
Ортаға ертегі кейіпкерлері Хоттабыч пен зұлым Деф шықты. Олар балаларға жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын түсіндірді. Барлығы бірге жасырылған жұмбақтарды шешті. Бүгінгі шараға 20-ға жуық оқушы қатысып жатыр. Оқырмандардың ішіндегі ең кішкентайы 5 жаста.
ГҮЛЖАУҺАР ЖАҚАН, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхананың кітапханашысы:
– Ата-аналар балаларын бізге 2 жасынан бастап алып келеді. Бүгін бізге Якорь мектебі мен қала мектебінің оқушылары келіп отыр. Кітапханамызда 200 мыңнан астам кітап бар.
«Туған күніңмен, кітап» атты апталық наурыздың 11-іне дейін жалғасады.
Гульден Симбаева