Қазіргі таңда өңірдегі арнайы мекемелерде 200-ден астам адам еңбек етеді. Мамандар сотталғандар, күдіктілер және айыпталушылармен жұмыс істейді. Мұндай жұмыстың өзіндік қауіп-қатері бар. Арнайы мекеме қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік сабақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жуырда өткен шараға 50-ге жуық адам қатысты. Көпшілік қамауға алынғандарды қабылдау және тінту, тыйым салынған заттардың бар – жоғын анықтау, сот отырысы залдарын тексеру тақырыбында тренингтен өтті. Қызметкерлер арнайы мекемелерде төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын, ондағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін зерделеді.
Алдияр Айтпаев