Қоғам

Мектеп директорлары арасында дебат өтті

Мектеп директорларының арасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналып «Алаш ардақтысы» атты дебат өтті. Шараны білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Қазір қатысушыларға турнирдің тәртібі түсіндірілуде. Кейін олар жеребе арқылы өздерінің қарсыластарын таңдап, кабинеттерге тарасады. Бұған дейін студенттер мен оқушылар пікірталасқа түссе, енді мектеп директорлары сөз жарыстыруда.

Әр қатысушыға сөз сөйлеу үшін 6 минуттан берілді. Ортада – Тайынша ауданындағы Теңдік орта мектебінің директоры Сейітжан Шаймерденов.

Үкімет тобының мүшелері мұғалім балаға әділ баға қойуы керек дейді.
Мәселен, ауылдарда көп жағдайда мұғалім оқушының туысы болып келеді. Міне, осы кезде кәсіби қызметке туыстық қарым-қатынас әсер етпеуі қажет.

СЕЙІТЖАН ШАЙМЕРДЕНОВ, пікірсайыс турниріне қатысушы:

– Қоғамның өзекті тақырыптары қарастырылып отыр. Бұның ішінде мектепті басқару жүйесіне байланысты жаңа тың көзқарасты қарастыру және мұғалім мәртебесін көтеру. Осы тақырыптарда өз тәжірибемізді шыңдаймыз деген үміттемін.

Үкімет пен Оппозиция деп бөлінген командалар берілге уақыт ішінде өз ойларын толықтай жеткізіп үлгерулері керек. Дебат американдық парламенттік форматта өтіп жатыр.

БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНОВ, пікірсайыс турнирінің бас төрешісі:

– Төрешілер құрамы сапалы. Нақты жүйелі кері байланыстар берілетін болады. Сол кері байланыстың нәтижесінде жеке тұлға ретінде дамуға мүмкіндік ала алады.

Турнирдің бас төрешісі Бақытжан Тұрсынов дебатқа қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келе жатыр дейді. Бұндай пікірсайыс біліктілікті арттырып, сөздік қорды кеңейтуге көмектеседі. Айта кеткен жөн, облыстық дебат мектеп директорларының арасында бірінші рет өкізіліп отыр.

БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНОВ, пікірсайыс турнирінің бас төрешісі:

– Қазіргі уақытта өңірімізде пікірсайыстың дамуына айтарлықтай қадамдар жасалып жатыр. Бүгінгі шара сол қадамдардың ең негізгісі деп толықтай айта аламын. Өйткені, мектептің директорлары осындай пікірсайыс турнирлеріне қатысып, өздері оны қалай өтетінін көретін болса, мектептерде пікірсайыстың дамуына белгілі бір жақсы қадамдар жасалады деген үміттеміз. Оның артықшылығы – ұстаздардың біліктілігін арттыру.

Сондай-ақ, осы кезге дейін 400-ден аса пікірсайыс турнирі ұйымдастырылып, 7 мыңға жуық оқушы қатысқан. Бүгінгі жиынға қазақ, орыс лигасынан 48 мектептің директорлары қатысып жатыр.

 

Гульден Симбаева