Брифингтен кейін Қайсар Төлепбаев кәсіпкерлермен кездесті. Кәсіпкерлер палатасында «Road show» форматында ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Оның барысында әлеуметтік нысандарды салу жобаларына қатысу мүмкіндіктері таныстырылды. «Қаржы орталығы» АҚ өкілінің айтуынша, 2018 жылы іске асырыла бастаған механизмнің қолданылуы біздің облыста кенжелеп тұр.
ҚАЙСАР ТӨЛЕПБАЕВ, ҚР ҒЖБМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілі:
– Қазіргі уақытта ел бойынша жиынтық көлемі 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар салынып жатыр. Осы ретте тиісті төлемді СҚО бойынша 1-ақ кәсіпкер алып жатыр. Мектепке келетін болсақ, осы өңірде аталған бағдарлама аясында 4 білім беру мекемесі тұрғызылуда.
Самал Жунусова