Құқық қорғау органдары

Бір аптада облыс жолдарында 28 мас жүргізуші ұсталды

Қызметтік көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші құрықталды. Темір тұлпарды ішімдік ішіп тізгіндеген теріскейлік ауыл шаруашылығы кәсіпорынына тиесілі “Volkswagen” маркалы машинамен тоқтатылды. Солтүстікқазақстандық қамауға алынды. Ережені қатаң бұзғаны үшін ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, бұл жағдай “Мас жүргізуші” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

– Облыс аумағында “Мас жүргізуші” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған байланысты біз құжаттарды тексереміз. Сіз жаңа өтіп бара жатқан кезде, жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні жіберген жоқсыз.

Рейд барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын анықтап, жүргізушілердің құжаттарын тексерді. 6 күн ішінде облыс бойынша 28 мас жүргізуші ұсталды.

ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Іс-шараның нәтижелері бойынша жол қозғалысы ережесін 2335 бұзғандар анықталды. Оның ішінде 28 мас жүргізуші, 11 басқару құқығынан айырылғандар ұсталды және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін 8 құқық бұзушы анықталды. Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Өйткені, жол қозғалысы ережесін бұзу ауыр зардаптарға әсер ететін жол-көлік оқиғаларына әкеледі.

Жолда телефонмен сөйлесіп, қауіпсіздік белдігін тақпайтындар да табылған. Мұндай 400-ден астам факті тіркеліпті.

 

Алдияр Айтпаев