Ұл-қыздар кітапханаға кірген бетте оларды түрлі ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Мұнда “Шытырман оқиғалар басталады” атты ойын бағдарламасы өтуде. Алдымен балалар «твистер» деп аталатын ойында сынға түсті. Оны еш қиындықсыз өткен жастар екінші қабатқа көтерілді.
Мұнда да оқушыларды мульткейіпкер бимен қарсы алып жатыр. Олар кішкентай оқырмандарға ерекше тапсырма әзірлеп қойған екен. Яғни, ұл-қыздар кітап Патшайымын зұлым сиқыршыдан құтқарулары керек. Бірақ, Патшайымды құтқару барысында балалар викторина, жұмбақ сынды бірқатар кедергіден өтулері керек.
Жалпы, бүгінгі шараға №1 гимназияның 1-ші сынып оқушылары келіп отыр. Барлығы – 30-ға жуық бала. Танымды ойындарқ мен квесттер балалардың көңілінен шыққан көрінеді.
– Маған осы кітапханаға келген ұнайды. Келген сайын балалармен ойындар ойнаймыз, көңілді тапсырмалар орындаймыз, қызықты кітаптар оқимыз.
– Кітапханада түрлі авторлар туралы білеміз, ертегі оқимыз. Сонымен қатар, мұнда әрдайым қызықты ойындар ұйымдастырылып тұрады.
Ұйымдастырушылар мұндай танымдың іс-шаралар арқылы балалардың оқуға деген құлшынысы артады дейді.
АЙТОЛҚЫН НӘБИЕВА, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері:
– Жыл сайын сәуірдің 2-сі балалар жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнінде Халықаралық балалар күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша біздің кітапханада балалар кітабынің апталығы өткізіледі. Апталықты “Шытырман оқиғалар басталады” атты ойын бағдарламасы ашады. Өткізілетін барлық іс-шаралар балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Балаларға арналған іс-шара апта соңына дейін жалғаспақ. Әр күні әр түрлі ойындар ойналады. Кейін жас оқырмандарға кітап тарту етіледі.
Самал Жунусова