Sailau banner

Білім

Университет студенттері Coursera курстарынан өтуде

Қозыбаев университетінің студенттері білімдерін толықтыруда. Жақында жергілікті жастар Coursera онлайн платформасы арқылы оқуға кірісті. Курстардан өтуге әртүрлі факультеттің 500 ұл-қызы өтініш берген. Олар 13 бағыт бойынша білім алады.

ӘЙГЕРІМ МЕЙРАМ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық сапа және талдау бөлімінің әдіскері:

– Курстар тегін өткізіледі. Қолжетімді тілдер – қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Болашақта студенттер өзге де курстардан өте алады.

Курстарда әлемдік деңгейдегі оқытушылар, профессорлар білген-түйгендерімен бөліседі. Түрлі тапсырмалар орындалады. Оқыту соңында әр студенттің жинаған ұпайы есептеледі. Сол бойынша қатысушыға сертификат беріледі. Бұл құжат келешекте жұмысқа орналасу кезінде маңызды рөл атқарады. Мағжан Иманқұлов – білімін толықтырып жүрген жастың бірі. Болашақта ІТ саласында еңбек етуді көздейтін студент бүгінге дейін бірсыпыра кезеңді артқа тастапты. Өзіне “Python” жиындығы ұнаған екен.

МАҒЖАН ИМАНҚҰЛОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:

– “Python”-ның ішінде 5 курс бар. Әр курс 4 немесе 6 апталық модульден тұрады. Видео түріндегі тапсырмаларды, тестерді орындадық. Ұжымдық тапсырмалар да ұсынылды.

Жергілікті университет басшылығы алдағы уақытта кезекті студенттер тобын жасақтамақшы. Оларды Coursera онлайн платформасы арқылы алдағы күзде оқыту жоспарланып отыр.

 

Байболат Култанов