Sailau banner

Қоғам

26 жанжалқойға қатысты қорғау ұйғарымы екінші рет жазылған

Облыста жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 10 қылмыс тіркелді. Көп жағдайда денеге зақым келтірілген. Сондай-ақ, 780-нен астам жанжалқойға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Оның 26-сына аталған нұсқама екінші рет жазылып берілген. Нәзікжандыларды зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері отбасының берекесін қашыратындардан жапа шеккен жандармен жұмыс істейді. Оларға өзінің құқығын қорғау тетіктерін түсіндіреді. Учаскелік инспекторлар отбасының шырқын бұзатындарды қатаң бақылауда ұстайды. Жалпы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекет жасағаны үшін 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

 

Самал Жунусова