Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Облыс полицейлері елордалық әріптестерімен бірлесіп есірткі жеткізу арналарының жолын кесу операциясын өткізді. Осы жолы 40 жастағы петропавлдықтан кристалл тәрізді заттың екі пакеті табылды.

– В полимерном пакете зиплок имеется комкообразное вещество розоватого цвета. Видим, да? Что за вещество? – Не разбираюсь. – Не разбираетесь, да?

Алынған зат “тұз” деген атпен белгілі “альфа-пи-ви-пи” синтетикалық препараты болып шықты. Тәркіленген зиянды заттың салмағы 199 грамнан асады. Мамандар бұл аса ірі мөлшерге жатады дейді. Күдікті есірткі партиясын Астанадан жеткізген.

РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Ағымдағы жылғы қаңтар айында полиция департаменті қызметкерлерімен Астана қаласынан Петропавлға синтетикалық есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастырған 40 жастағы адам ұсталды. Тергеу және жеке тінту кезінде кристалл тәрізді заты бар екі пакет алынды. Осы факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды, яғни «есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу мақсатында заңсыз сақтау.

Петропавлдықтан барлығы – 1 келіден астам есірткі анықталды. Күдікті қамауға алынды.

 

Самал Жунусова