Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Шекарадан тыйым салынған кітап өткізбекші болған ер адамға 241 мың теңге айыппұл салынды

Тыйым салынған әдебиет тасымалдау әрекеті Ресейдің Қорған облысымен шекарада “Жаңа жол” өткізу пунктінде тіркелді. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мамлют ауданының тәртіп сақшыларымен бірге ұсталған 27 жастағы жігіттен діни мазмұндағы кітап тәркілеп алды. Оқулық 2020 жылы елордадағы Есіл аудандық сотының шешімімен экстремистік және террористік әдебиет деп танылған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 453-бабының 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Мамлют ауданының әкімшілік соты оған 70 айлық есептік көрсеткіш – 241 мың 500 теңге көлемінде айыппұл тағайындады.

 

Данаш Хамзина