Sailau banner

Экология

Өңірде су тасу қаупі жоғары

Синоптиктердің болжамына сәйкес, осы аптада өңірде түнгі және күндізгі ауа температурасы көтеріледі. Сынап бағанасы +13-15 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазір Есіл өзені бассейнінде Сергеев су қоймасына дейінгі аралықтағы ылғал қоры 314 млн текше метрге ұлғайып, 8 млн 496 мың текше метрді құрады. Бұл біраз жыл бойы тіркеліп келген орташа көрсеткіштен 139 пайызға көп. «Қазгидромет» мамандары наурыздың 25-сі мен 31-і аралығында болатын су ағынын болжай отыра, Сергеев су қоймасына Есіл бойымен 4-6 млн текше метр су құйылады деп топшылауда.

 

Самал Жунусова