Sailau banner

Білім

НЗМ студенттерінің үздік жобалары

Петропавлдық НЗМ оқушылары Астанада өткен республикалық «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты олимпиадаға қатысып келді. Осымен 12-ші рет өткен жиында дарынды балалар өзері жасаған заманауи құрылғыларды таныстырды. Қос оқушы Жұлдыз Агиярова мен Дарина Елпанова көз жанарынан айырылған жандар үүшін құрылғы ойлап тапқан. Төртбұрышты шағын аппарат адамның қолына тағылады. Көру мүмкіндігінен айырылған адам осы дүниенің көмегімен бір нәрсеге жақындағанын сезеді.

ЖҰЛДЫЗ АГИЯРОВА, химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

– Осы аппаратты біз 2 ай жасадық. Көптеген мәселелер туындады. Мысалы, біздің апарат үлкен. Оны адамдарға ыңғайлы етіп кішкентай көлемде жасау қажет. Қазіргі таңда елімізде 160 мыңнан астам адамда көзбен байланысты мәселелер бар.

Ал Жанель Мұхаметғалиева еріншектікті жеңіге болатын әдіс-тәсілдер жазылған сайт құрастырған. Онда 30 секундтық түрлі жаттығулар қамтылған.

ЖАНЕЛЬ МҰХАМЕТҒАЛИЕВА, химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

– Жаттығуларға байланысты видеосабақ та бар. Осы гиподинамиядан пайда болатын аурулар – жүрек және бас ауруы, сондай-ақ, ол артық салмаққа әкеліп соқтырады. Бұл ауруды жеңу үшін дәрігерден кеңес алу қажет және серуенге шығу керек.

Астанада өткен ғылыми жобалардың республикалық олимпиадасына 150-ден аса жас қатысқан. 50-і ауыл мектептерінен келген. Барлығы – 50-ден аса ғылыми жоба ұсынылыпты. Солтүстікқазақстандық оқушылар өздері ойлап тапқан 4 жоба таныстырыпты.

 

Гульден Симбаева