Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам дүкен ұрлығы тіркелді

Жыл басынан бері облыс орталығында 40-қа жуық дүкен ұрлығы тіркелді. Негізінен, дүкен сөрелерінен киім, азық-түлік пен алкоголь өнімдері жоғалады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлыққа негізінен наркологиялық есепте тұрған адамдар барады. Облыс көлеміндегі статистикаға келетін болсақ, жыл басынан 201 дүкен ұрлығы тіркелді. 10 факті бойынша материал сотқа жіберілді, қылмыс құрамының болмауына байланысты 3 іс тоқтатылды. 6 факті бойынша – жедел-іздестіру жұмыстары, қалғаны бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабына сәйкес ұсақ-түйек жымқыру үшін 80 АЕК – 245 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту не болмаса 20 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

 

Самал Жунусова