“Қуаныш” қыздары тағы да биіктен көрінді. Бұл жолы солтүстікқазақстандық волейбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Чемпион – өскемендік азулы “Алтай”. Финалда жергілікті арулар бітіспес қарсыласпен 2 матч өткізді. Алайда, екеуінде де 3 те 2 есебі тіркелді. Ал үздік үштікті талдықорғандық “Жетісу” түйіндеді. Петропавлдық волейболшыларды жарқын жетістіктерімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Жыл санап біздің волейболшы қыздардың тәжірибесі өсіп келеді. Былтыр біздің клуб еліміздегі үздік үштікке енген еді. Келесі жылғы маусымда ең биік тұғырдан көрінуге тілектеспін. Жеңіс құтты болсын!
Байболат Култанов