Мәдениет

Халықаралық жарыста топ жарған өнерпаздарға лайықты құрмет

Темір жол вокзалында өнерпаздарға да құрмет көрсетілді. Жезтаңдай әншілер Түркістанда өткен халықаралық сайыстан олжалы оралды. 25-ші наурыз күні “Жұлдыз ART Қазақстан” жарысында казактардың вокалды-хореографиялық “Звонница-Наследие” ансамблі бақ сынады. Өнер бәйгесінде ұжымның кіші және орта құрамы өнер көрсетті. Нәтижесінде қазылар алқасы петропавлдық жастардың өнерін жоғары бағалап, қос құрамды да гран-приға лайық деп таныды.

ЛЮБОВЬ САЙФУДИНОВ, “Звонница-Наследие” ансамблінің музыкалық жетекшісі:

– Жарысты қорытындылау кезінде қазылар алқасының төрағасы біздің балалардың өнеріне тоқталды. Балалардың кәсіби шеберлігін, дауыс тазалығына және сахнада өздерін ұстау мәнерлеріне жоғары бағасын берді. Расында да, біздің балалар көрерменге ұмытылмас әсер қалдырды. Шәкірттеріміз қатысушылардың көптігіне қарамастан топ жарды.

 

Алдияр Айтпаев