Спорт

Евгений Павлов қарсыласын нокаутпен жеңді

Сүйінші жаңалық! Солтүстікқазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA International белбеуінің иегері Евгений Павлов 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол кеше Мексикада кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы жуан жұдырықты жігітке Хуан Карлос Мирелес есімді жергілікті спортшы қарсы тұрды. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек 2-ші раундта нокаутпен аяқталды. Осылайша, ел мақтанышы Евгений Павлов кәсіпқой рингте 9-шы рет жеңіске жетті.

Евгений Павлов, WBA International белбеуінің иегері:

– Негізі, дайындық жақсы өтті. Сауль Канело Альварестің залында бір ай көлемінде жаттығу жасадық. Оған дейін Алматыда оқу-жаттығу жиындарынан өттім. Қарсыласым осал болмады. Соққыларымды жақсы қабылдап, аяғымен нық тұрды. Олай болмаған жағдайда кездесу барысы 1-ші раундта шешілер еді. Жеңісімді еліме және командама арнаймын. Кездесу көрерменнің көңілінен шықты деген сенімдемін. Әлі талай жеңістеріммен қуантамын.

 

Алдияр Айтпаев