Қоғам

Жұмысшы кентінің тұрғындары Наурыз көжеден дәм татты

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Наурыз мейрамы 42-ші орта мектебінде де аталып өтілуде. Өздеріңіз көріп тұрғандай ата-аналар түрлі тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдарын жасап әкелген. Халық мәре-сәре. Нағыз мерекенің атмосферасы сезілуде.

Мектеп алдында 15-ке жуық ақ дастархан жайылған. Ата-аналар мен мұғалімдердің барынша тырысқандары көрініп тұр. Үстелдің үстінде ұннан жасалған тағамдардан бастап кәуәпқа дейін бар. Ең бастысы – көже. Ол 7 түрлі дәмнен жасалады.

ӘЛИЯ КӘРІМОВА, қала тұрғыны:

– Біз – 42-ші орта мектебінің ата-аналары осы Наурыз мерекесіне арнап дастархан жайдық. Басты тағам – Наурыз көже пісірдік.1:34/ Мен бауырсақ пен палау дайындап әкелдім.

Алаңда ине шаншар жер жоқ. Үлкені де, кішісі де бүгінгі мерекені дүбірлетіп тойлауда. Оларға арнап мектеп мұғалімдері мен оқушылар концерттік шара ұйымдастырды. Бұрымды қыздар көрермендерге өзбек биін паш етуде. Олар әннің ырғағына сай мың бұралып билеуде. Сондай-ақ, әншілеріміз де өнерлерін ортаға салды.

– Түрлі әндер шырқалып, би биленуде. Мереке керемет өтіп жатыр. Ауа райы да тамаша.
– Көңілді болып жатыр. Көптен бері болған жоқ еді. Енді үйде де тойлаймыз.

Іс-шараға бір ғана мектеп емес, үш бірдей мектеп жұмылдырылған.

БЕКАЙДАР ШАЛАХАЕВ, №42 орта мектебінің директоры:

– Осы мейрамға 42-ші ,44-ші, 27-ші және 31-ші мектеп ат салысып отыр. Осы мектептегі барлық ұстаздар және ата-аналардың бірлесуімен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын кең түрде атап өтіп отырмыз.

Шара соңы ұлттық спорт түрлерімен жалғасын тапты.

 

Гульден Симбаева