БалаларҚоғам

Өңір полицейлері балаларды қуантты

Жетім көрсең, жебей жүр. Өңір полицейлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Игі іс шара Полудино ауылындағы балаларды қолдау орталығында өтті. Мұнда полиция департаментіне қарасты мәдени орталықтың вокалдық тобы өнер көрсетті. Кеште 2 тілде танымал эстрадалық әндер шарықалды. Қайырымдылық шарасынан еріктілер де шет қалмады. “Бақытты көздер” ҚБ орталық балаларына арнап тағамдар дайындапты. Айта кетейік, қазіргі таңда Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан бұл мекемеде 50-ден астам бала тәрбиеленеді.

 

Алдияр Айтпаев