Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтардың жаңа әдісі тіркелді

Абайлаңыздар! Айлакерлер тұрғындарды жаңа әдіс арқылы алдауға көшті. Жуырда 67 жастағы петропавлдыққа өзін әділет департаментінің заңгері деп таныстырған әйел қоңырау шалыпты. Байланс нашар деп WhatsApp арқылы сөйлесуді ұсынған. Кейін тұтқаның ар жағындағы қу зейнеткерден қан қысымына қарсы дәрі жаздырғаны не жаздырмағаны жайлы сұраған. Нәзікжандыдан оң жауап алған соң осы препараттарды заңсыз жеткізумен айналысқан компания әшкереленгенін, оны пайдаланғандардың барлығына айыппұл қарастырылғанын айтады. Келесі болып зейнеткерге қаржыгер хабарласады. Өтемақы алу үшін ол әйелге сақтандыру ақысын төлеу керек деген. Қала тұрғыны өзінің жинаған ақшасын алып, 530 мың теңгеге жуық ақша аударған. Алаяқтар мұнымен тоқтамай, өтемақы сомасы ұлғайған деп үстінен 310 мың теңге сұраған. Жәбірленуші бұл қулардың ісі екенін білгеннен кейін дереу полицияға шағымданады. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

 

Самал Жунусова