Құқық қорғау органдары

2 күнде заңсыз қару сақтаған 2 теріскейлік анықталды

Өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Шараның басым бағыттарының бірі – тіркелмеген қаруды сақтау жайттарын анықтау. 2 күн ішінде облыста мұндай 2 факті әшкереленді. Сондай-ақ, өз еркімен оқ-дәрілерді тапсырушы да тіркелді. Акция барысында мамандар әр түрлі есепте тұрған адамдарды да жаппай тексеруде. Нәтижесінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің бұзылуы юойынша – 12, отбасылық жанжалқойларға қатысты шығарылған сот талаптарының сақталмауы бойынша 11 факті анықталды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттердің 34 жағдайы тіркелді. Тағы іздеуде жүрген 16 адам мен есірткі пайдаланған 4 адам ұсталды. Жолдарда 6 мас жүргізуші тоқтатылып, қоғамдық орында ішімдік ішкен 54 солтүстікқазақстандық арнайы орталыққа жеткізілді. Жалпы, мамандар 2 күн ішінде облыс аумағында 800-ден астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған.

 

Алдияр Айтпаев