Сайлауға байланысты Петропавлдағы қоғамдық көліктер бүгін тұрғындарды тегін тасымалдайды. Автобус жүргізушілері күнделікті жұмыстарына таңғы 6-да шықты. “Солтүстік Қазақстан облыстық Автокөлік одағы” қауымдастығының төрағасы Галина Семенова ұсынған дерекке сүйенсек, қазір қала ішінде 19 бағыт бойынша 120 көлік қатынауда.
ГАЛИНА СЕМЕНОВА, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрағасы:
– Бұл акцияға №101 маршрут та қосылды. Яғни, “Петропавл-Бескөл” бағытындағы автобуспен де тұрғындар тегін қатынай алады. Бұл бастама солтүстікқазақстандықтар өздерінің учаскелеріне оңай жетсін, еліміз үшін аса маңызды датада дауыс берсін деген мақсатпен қолға алынды. Қоса кету қажет, қоғамдық көліктер жолаушыларды күнделікті уақыттары бойынша тасымалдайды.
Байболат Култанов