Қоғам

Пайдаланылмаған 4,5 мың гектар жер қайтарылған

Қазақстанда мемлекет меншігіне 4 жарым мың гектар жер қайтарылған.
Учаскелер бұрын белгілі бір жобаларды жүзеге асыруға беріліпті.
Бұл туралы LS агенттігінің сайтында жазылған. 4,5 мың га – бұл 2021 мен 2022 жылдар аралығында 7 өңірде қайтарылып алынған 108 учаскенің жалпы көлемі.
Кәдеге жаратылмаған жерлердің көбі Жетісу облысында тіркелген – 4 256 га.
Елорадада – 215, Солтүстік Қазақстан облысында 10,8 га қайтарылған.