Қоғам

Депутаттыққа үміткерлер Мамлют ауданында кездесу өткізді

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Еркебұлан Мәмбетов пен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Сұрағанова Мамлют ұн үгу комбинатының ұжымымен кездесті. «Аманат» партиясының өкілдері өздерінің еңбек жолына тоқталып, комбинат ұжымына сайлау науқанының басым бағыттарын түсіндірді. Үміткерлер ауыл шаруашылығын дамыту, су және жылу энергетикасы мәселелерін басты назарға алған. Кездесу соңында зауыт жұмысшылары да өз ойларымен бөлісіп, кандидаттарға ұсыныстарын айтты.

АНТОН ПИСКУН, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

– Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту керек. Жемқорлық бар жерде алға басу жоқ. Бұл жұмысты басты назарға алып, барлығын әділ әрі адал атқару қажет деп ойлаймын. Жастармен жұмысты күшейту керек. Жастарды дамытып, оларға қолдау көрсету қажет. Елдің болашағы осы өскелең ұрпақтың қолында. Олар басқа өңірлерге, елге кетпеулері үшін жұмыспен қамтып, еңбекақыларын көбейту керек.

 

Самал Жунусова