Спорт

Аманғали Бекболат – рейтингтік турнирдің жеңімпазы

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Кеше солтүстікқазақстандық Аманғали Бекболат кезекті мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жолы грек-рим күресінің шебері Египеттің Александрия қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде топ жарды. Жерлесіміз финалда 6 да 3 есебімен тағы бір отандасымыз Марлан Мұқашевті жеңді. 28-ші жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған халықаралық дода жексенбі күні мәресіне жетеді.

 

Байболат Култанов