Қоғам

ForteBank өз клиенттері арасында көлік ойнатып жатыр

Бүгінгі күні “ForteBank”-тің солтүстікқазақстандық филиалында 30 мың клиент бар. Жерлестеріміз бұл қаржы ұйымының қызметіне зор сеніммен қарайды. Мұнда несие рәсімдеу үшін бар-жоғы 10-ақ минут уақыт кетеді. Қызмет жылдам көрсетіледі әрі сапалы. Таяу арада ForteBank өз тұтынушыларына сенім білдіргендері үшін ірі сыйлық тарту етеді. Банкте армандағы “Toyota Camry” темір тұлпары ойнатылуда.

АРДАҚ САҒЫНДЫҚОВА, “ForteBank” АҚ СҚОФ бөлшек сауда басқармасының бастығы:

– Жүлдеге «Camry-75» автокөлігі тігілген ұтыс ойынына қатысу үшін банктен 100 мың теңге сомасынан асатын кредит алу керек. Ұтыс ойынына банк қызметкерлері, ұйыммен байланысы бар адамдар және бұған дейін «ForteBank»-тен темір тұлпар ұтқан клиенттер қатыса алмайды.

Клиенттерін қуантуды банк әдетке айналдырған. Бұған дейін қаржы ұйымы 35 көлік ойнатыпты.

АРДАҚ САҒЫНДЫҚОВА, “ForteBank” АҚ СҚОФ бөлшек сауда басқармасының бастығы:

– Науқан сәуірдің 28-іне дейін жалғасады. Кейін кездейсоқ сандар генераторының көмегімен сәттілік серік болған жеңімпазды анықтаймыз. Бағы жанған жеңімпаз сіз болуыңыз әбден мүмкін.

Өткен жылы “ForteBank”-тің жергілікті филиалында тұтынушылық мақсатта 5 мыңнан астам несие рәсімделген. Сонымен қатар, қаржы ұйымы жылжымайтын мүлікті кепілдік ретінде ала отырып кредит береді. Банк ипотека алғысы келетіндерге де қолайлы жағдай жасайды.

 

Алдияр Айтпаев