ТЖ

Су тасқыны кезінде өңірде 89 жинақтау пункті жұмыс істейді

Шұғыл хабардан 12-ші орта мектептегі сабақ аяқсыз қалды. Ескертуден кейін оқушылар бірден далаға шығуға асықты. Мұғалімдер ұл-қыздарды түгендеп сыртқа шығарды. Белгілі болғандай, бұл ТЖД-нің мамандарының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан шара.

Балалар түгенделіп болғасын мамандар оларды құтқарушылардың жұмысымен таныстырды. Ұл-қыздарға құрал-жабдықтар мен арнайы киімдер көрсетілді. Кейін көпшілік нысанға қайта кірді. ТЖД қызметкерлері енді мектепте жыл сайын ашылатын жинақтау пунктінің жұмысын бағаламақ.

АЙТҚОЖА БАУКЕНОВ, №12 орта мектебінің директоры:

– Көктемде су тасқыны кезінде біздің мектебімізді 40 адам паналай алады. Кейін оларды уақытша тұраққа апарамыз. Ол Мамлют ауданындағы Чистое ауылында орналасқан.

Жинақтау пунктіне жеткізілген жандар бірінші тіркеуден өтеді. Кейін ақхалаттылар тексеріс өткізеді. Мектепте олар ас-сумен де қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, нысанда ана мен бала бөлмесі де бар.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

– Іс-шара наурыздың 1-і күні өтетін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай және су тасқынына дайындыққа дайындық ретінде өткзілуде. Жинақтау пунктіндегі жандар – осы мектептің қызыметкерлері. Бұл іс-шара қаладағы 19 жинақтау пунктінде өткізіледі. Ал оқушылармен эвакуациалау жұмыстары облыстағы барлық мектептерде өтеді.

Петропавл қаласында су тасу қаупі туындаған жағдайда 19 жинақтау пункті жұмыс істейді. Ал облыс бойы олардың саны – 89.

 

Алдияр Айтпаев