Қоғам

Өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарында заңбұзушылықтар тіркелді

Қысқа мерзімді оқытуды дұрыс ұйымдастырмау, жалған жұмысқа орналасу, бизнес-бастамаларды қолдауға бөлінген гранттарды игермеу, еңбекпен қамту бағдарламаларына жосықсыз қатысу. Өңір прокурорлары жұмыспен қамту орталықтарында жүргізген тексерістің нәтижесінде осындай бұзушылықтар анықтаған. Заңның ала жібін аттау фактісі облыс орталығымен қатар, аудандарда да тіркеліпті. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 38 млн теңгені құрайды. Қадағалаушы орган өкілдері орталық басшыларын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту және бюджетке шығынды өтеу бойынша қадағалау актісін әзірлепті.

ЮЛИЯ КОРИХОВА, СҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

– Тіркелген барлық бұзушылық бойынша әкімдерге қадағалау актісі жолданды. Құжат олқылықтарды жоюды көздейді. Ал заңның ала жібін аттаған тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Бұл ретте айта кетуіміз қажет, кәсіпкерлердің де тарапынан бұзушылықтар анықталды. Мысалы, Мамлют ауданында бизнесмен жалған құжат ұсынып, мемлекеттен бизнес-бастамаларды қолдау үшін ақша алған. Мәселе облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында болады.

 

Байболат Култанов