Қоғам

Аяқ киім жәрмеңкесінде сыртқы киім де саудалануда

 

Сапалы, ыңғайлы әрі қолжетімді бағамен. Петропавлда белорустық аяқ киімдердің жәрмеңкесі жалғасуда. Шетелде тігілген тауар ауқымы кең: мұнда ерлерге де, әйелдерге де арналған түрі бар.

АННА ЛАЗИНСКАЯ, сату жөніндегі менеджер:
– Біздің аяқ киімдеріміз таза былғарыдан тігілген. Сапасы жоғары. Өнімдеріміз жоғары сұранысқа ие. Қысқы етіктердің ең арзаны 20 мың теңге тұрады, ал жазғы аяқ киімдердің бағасы 10 жарым мың теңгеден басталады.

Жәрмеңкеде аға буын өкілдері де, жастар да өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 44-ке дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін.

Енді жәрмеңкеде аяқ киіммен қатар, сыртқы киім де саудалануда. Мұнда қысқы курткалармен мен ішіктер қойылған. Ішіктер түйе жүнінен тігілген, ал курткалар биомамықпен толтырылған. Сатушылардың айтуынша, гиппоаллергенді тауар суық өткізбейді. Жуылған кезде түрі өзгермейді, бағасы да көңілге қонымды. Көрші елден сыртқы киімнің 500-ге жуығы жеткізілген. Тұрғындар қажетті тауарды Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.


Дана Ешкенова