Қымбатшылық жайлаған заманда арзан аяқ киімді қайдан алуға болады? Құны қалта қақпайтын әрі сапасы көңілден шығатын беларустық бәтеңке-етіктер облыс орталығында саудаланып жатыр. Шетелде тігілген тауар ауқымы кең: мұнда ерлерге де, әйелдерге де арналған түрі бар.
АННА ЛАЗИНСКАЯ, сату жөніндегі менеджер:
– Біздің аяқ киімдеріміз таза былғарыдан тігілген. Сапасы жоғары. Өнімдеріміз жоғары сұранысқа ие. Қысқы етіктердің ең арзаны 20 мың теңге тұрады, ал жазғы аяқ киімдердің бағасы 10 жарым мың теңгеден басталады.
Жәрмеңкеде аға буын өкілдері де, жастар да өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 44-ке дейін, ал ерлердікі 40-тан 49-ға дейін.
Тұрғындар қажетті тауарды Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Самал Жунусова