Петропавлдағы 2-ші ЖЭО-ның 3-ші мұржасының құрылысы. Бүгін бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қаузалды. Ауқымды жұмыс мамыр айында басталып, тамыз айында толығымен аяқталмақ. Тағы бір құбыр сәуір айында жөндеуден өтеді. Ыстық су үзілмейді деп сендірді “Севказэнерго” өкілдері. Бұдан кейін кеңес мүшелері Мамлюттегі мәселені қозғады.
ПЕТР ШАРАПАЕВ, облыстық қоғамдық кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы:
– Мамлют қаласындағы жылу қазандығын салу жұмысы 10 жылға созылды. Әлі күнге дейін жоба іске аспады. 300 млн теңге қаражат жұмсалды. Қазіргі таңда жобаны 6-ші мердігер өз қолына алды. Жауапты тұлға істі келер жылға дейін бітіруге ниетті.
Жиында кәсіпкерлердің мұң-мұқтажына айналған мәселе де көтерілді. Қазір монополист компания үй астында орналасқан кәсіпкерлік нысан тұтынған жылуға емес, көлеміне назар аударады екен. Ғимараттың шаршы метрі аз болса, төмен коэффициентке көбейтіледі. Ал егер көп болса, өзге сандар есепке алынады. Осыдан соң шыққан әлгі сома бекітілген тарифке ұлғайтылады. Нәтижесінде төлем бұрынғысынан 2-3 есеге көп болады. Жиында мұны қоғам белсендісі Павел Афанасьев сынға алды. Бұған жауап ретінде “Севказэнергосбыт” серіктестігінің бас директоры Мағауия Сағындықов жаңаша есептеудің ережеге сай жүргізіліп жатқанын айтты.
ЛЮФТ:МАҒАУИЯ САҒЫНДЫҚОВ, “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры:
– Максимальные часовые нагрузки утверждены МИО для потребителей. Для встроенных объектов коммерческих структур заказывают расчёт у независимой организации и, получив ее, получают техусловия.
Іскер азаматтар көтеріп отырған мәселе қазіргі уақытта өңірлік кәсіпкерлер палатасында да күн тәртібінде тұр.
Алдияр Айтпаев