Мәдениет

Айғаным Сарғалдаққызының дүниеге келгеніне – 240 жыл

Биыл даналық пен сұлулықтың символы саналатын Айғаным Сарғалдаққызының туғанына – 240 жыл. Ол жаны нәзік болса да батылдығымен әрі қайсарлығымен ерекше көзге түсіп, ел есінде мәңгіге қалды. Біздің өңірде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Тарихқа көз жүгіртсек, Шоқан Уәлихановтың әжесі жұбайына тұрмысқа шыққанда жасы небәрі 16-да болыпты. Бұрымды 60 жастағы Уәлиді бірден баурап алған. Үйленбес бұрын алдыңғы 3 әйелінен бөлек, қоныс салып беруін талап еткен.

 


СӘБИНА ӘМІРОВА, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі:
–  Айғаным Уәли ханның ең кіші жары болған. Ол кездері тоқалдың орны қандай болғанын жақсы білесіздер. Сонда да Шоқанның әжесі даналығы мен әділеттілігінің арқасында өзге әйелдерінен біршама жоғары тұрған. Ғашық болған Уәли ойланбастан зайыбының тілегін орындады. Яғни, Сырымбет мекенінде қоныс салып береді. Жалпы, Айғаным өте сауатты болған. Сол кездің құрметті азаматтарымен тығыз байланыс орнатқан.

Айғаным көшпелі заманда Сырымбетте тұрақтап қалу үшін хат жазады. Нәтижесінде, Александр 1-шінің рұқсатымен құрылыс үшін 5 мың рубль берілген. Бұл – ол заманда қыруар ақша. Қонысқа тұрғын үй, медресе, мектеп пен қызметшіге арналған үй кіреді. Айғаным Сарғалдаққызының Уәли ханның қазасынан кейін ел билегені мәлім. Ол бірінші кезекте білімге көп көңіл бөлген. Әсіресе, балалар мен әйелдерді басты рөлге қойыпты.

САБИНА ӘМІРОВА, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі:
–  Ол ұл-қыздардың білім алуы үшін шағын мектеп ашқан. Бұдан нәзікжандының қазақ жастарының сауатын ашуға деген ниетін көруге болады. Қазақтың жарық жұлдызы – Шоқанның да білімге де құштарлығын әжесі оятты деседі. Немересінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін дөңес жерге таспен Шоқан есімін жазғызған деген аңыз бар.

Бүгінде Айғаным қонысында 8 мыңға жуық эскпонат бар. Ішінде нақ өзінің комоды сақталған.


Алтынай Казиканова