COVID-19: Қазақстан

Коронавирустың жаңа толқыны тарауы мүмкін

 

5-ші қаңтардағы ақпарға сүйенсек, облыста 4 адам коронавирус жұқтырған. Сырқаттанғандардың үшеуі – петропавлдық. Біреуі – Жамбыл ауданының тұрғыны. Дерттің таралу қарқыны бойынша өңір – “жасыл” аймақта. Жалпы ел бойынша өткен тәулікте 115 адамнан COVID-19-дың белгілері анықталған. Қазір 2 мыңнан астам отандасымыз тәж вирусынан емделуде. Олардың 305-і стационарда ем қабылдап жатыр. Әлем жаңалықтарына ойысайық. Қытайда індет өршіп тұр. Қазіргі таңда емдеу мекемелеріне коронавирус симптомдары бар мыңдаған науқас түсуде. Көбі – 65 жастан асқан жандар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың кезекті толқыны тарауы мүмкін деп отыр. Сарапшылардың болжамынша, жаңа штамм әлдеқайда ауыр болмақ.

REL POST ID: